19-20 қазанда елордалық EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында HALAL EXPO 2022 халықаралық халал өнімдер жәрмеңкесі өтеді. Көрмені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Халал Даму» ЖШС стандарттау және сертификаттау органы ұйымдастырды.
HALAL EXPO 2022 көрмесінде мынадай отандық және шетелдік халал өнімдері ұсынылады: ет өнімдері, құс өнімдері, сүт өнімдері, балық өнімдері, жартылай фабрикаттар, кондитерлік өнімдер, бал өнімдері, косметика, май өнімдері, шұжық өнімдері, диеталық қоспалар, гигиеналық және жуғыш заттар, фаст-фуд, балмұздақ, сусындар және т. б.
Сонымен қатар көрме бағдарламасында семинарлар, презентациялар ұйымдастыру және тәжірибе алмасу қарастырылған.