30 наурыз күні Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) күні аясында Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесінің жұмысы қортындыланып, EXPO Awards марапаттарын тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында 2-орынға ие болды және басты жүлде «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша күміс жүлде алды.
Сонымен қатар, Қазақстан павильоны халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша Best Presentation номинациясында бірінші орынды және Best Pavilion номинациясында үшінші орынды жеңіп алды.
Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде Топ-10 павильондары қатарында. Жалпы, көрме ашылғалы павильонды 1 млн 617 мың адам тамашалаған.
Анықтама үшін: «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша бірінші және үшінші орындарды Германия мен Италия иеленді.