24-25 қарашада EXPO халықаралық көрме орталығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен «ҚазАвтоЖол-Kaztraffic 2022» XVIII Халықаралық көрмесі өтеді. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары жол құрылысы, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы өздерінің үздік әзірлемелерін ұсынады. Bosphorus EХРО көрмесінің серіктесі ұйымдастырған Түркия экспозициясы жеке ұсынылады.
Сонымен қатар, көрме аясында пленарлық сессиялар мен «Автожол саласын дамыту перспективалары» конференциясы жоспарланған. Конференция барысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «QAJ mobile» жаңа мобильді қосымшасын таныстырады, ол барлық қазақстандық автокөлік иелеріне теңгерімді толықтыруға, ақылы автомобиль жолдары бойынша өткен жолдың есептілігін көруге, көлік құралы бойынша үзінді көшірмелер алуға мүмкіндік береді.
Журналистерді тіркеу 24 қараша күні сағат 09:00-ден бастап ашық болады.
Іс-шараның ашылуы 24 қараша күні сағат 10:00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, EXPO халықаралық көрме орталығы мекенжайы бойынша өтеді.