Өткен сенбіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында EXPO іскерлік кешенінің аумағында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының бастамасымен қала әкімдігімен және экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп 125 қарағай отырғызылды.
Сонымен қатар аумақта көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді: 700 ырғай бұтасы, 500-ге жуық түп гортензия отырғызылды және 2500 м² орама көгал төселді.
Сондай-ақ қызметкерлер EXPO кешенінің нысандарына іргелес аумақты тазалады.
Осы маусымда кешеннің аумағын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде: 50 мың м² тас төсеуіш төселді. Аумақты ландшафтық безендіру бойынша жұмыс жүргізілді: 1500 м² астам аумаққа гүл отырғызылды.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы аумақты абаттандыруға ерекше мән береді, сондай-ақ жыл сайынғы экологиялық бастамаларды қолдайды.