«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы басшылығының Messe Frankfurt (Германия) компаниясының Басқарма мүшесі Штефан Бурма бастаған компания өкілдерімен іскерлік кездесуі аясында одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары мен жоспарлары, сондай-ақ Қазақстанда Messe Frankfurt өкілдігін ашу туралы мәселе талқыланды.
Кездесу барысында қонақтарға «QazExpoCongress» компаниясының инфрақұрылымы таныстырылды, сондай-ақ EXPO халықаралық көрме орталығы мен Конгресс орталығына экскурсия өткізілді.
«EXPO іскерлік орталығы – елдің экономикалық, білім беру және мәдени саласын дамытуға үлесін қосатын халықаралық жобаларды іске асыру үшін тиімді алаң. Messe Frankfurt компаниясының тәжірибесі мен бірлескен жобалары ауқымды халықаралық көрмелерді ұйымдастыруға жаңа серпін береді», – деп атап өтті «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар EXPO іскерлік орталығының аумағында Messe Frankfurt компаниясының өкілдігін ашу туралы алдын ала келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар EXPO нысандарында Messe Frankfurt компаниясы әлем бойынша ұйымдастыратын ірі көрме іс-шараларын өткізу мүмкіндігі қарастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Messe Frankfurt компаниялар тобы – бұл Майндағы Франкфурт қаласында көрме кешені және бүкіл әлем бойынша 28 филиалы бар ең ірі көрме, конгресс және іс-шараларды ұйымдастырушы. Messe Frankfurt жыл сайын автомобиль өнеркәсібінен логистикаға, тоқыма бұйымдарынан музыкаға, энергия тиімділігінен қауіпсіздікке дейін – әртүрлі салаларда 100-ден астам халықаралық көрме өткізеді. Компания Майндағы Франкфуртта және бүкіл әлем бойынша халықаралық көрме бизнесі саласында шамамен 800 жыл бойы жұмыс істеп келеді.