Сапар барысында мемлекет басшылары ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жобалар және бастамалармен танысты.
Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық кластер. 2024 жылы кластерге 700 млн АҚШ долларынан астам инвестиция тартылып, IT-қызметтер экспорты 650 млн АҚШ долларынан асты. Мұнда 1700-ден астам IT компания тіркелген.
Осы алаңда Tech Orda, TUMO және Tomorrow School білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып, жыл сайын ондаған мың азаматты қамтиды. Сондай-ақ, Google for Startups серіктестігі негізінде акселерациялық бағдарламалар іске асырылуда.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдіев жоғары мәртебелі меймандарға Астанада 2025 жылдың күзінде ашылуы жоспарланған Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын таныстырды.
Қонақтарға халықаралық нарыққа бағытталған қазақстандық компаниялардың әзірлемелері көрсетілді. Олардың қатарында: