Іс-шара аясында ұжым EXPO Іскерлік орталығының аумағына шығып, қоқыс жинау, абаттандыру және кешенге іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қала кеңістігін тұрғындар мен елорда қонақтары үшін таза әрі жайлы етуге ықпал етеді.