Бүгін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қызметкерлері жыл сайынғы жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілік аясында қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілді: көгалдарды тазарту, ағаштарды түптеу, суару жұмыстары және басқа да санитарлық-экологиялық шаралар.
Бұдан бөлек компания қызметкерлері EXPO іскерлік орталығының аумағын тазалады. Қатысушылардың жалпы саны 100-ден астам адамды құрады.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы аумақты абаттандыруға ерекше мән береді, сондай-ақ қаланың экологиялық бастамаларын қолдайтынын атап өткен жөн.
Осылайша компания елорда тұрғындары мен қонақтарына EXPO аумағы жайлы болу үшін барлық жағдай жасайды.