Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жылқышиева «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар және адалдық идеологиясын қалыптастыру туралы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.
Іс-шара барысында Ұлттық компания қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңартылған нормалармен, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жұмыстармен таныстырылды.
Өз кезегінде Ұлттық компания Басқарма Төрағасының орынбасары Б. Бекешев «QazExpoCongress» ҰК-дағы қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстардың басымдығы және алдын алу шаралары туралы айтты.
Кездесуде бизнес-процестерді оңтайландыру және қызметтерді автоматтандыру да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге ықпал ететіндігі баса айтылды.
Іс-шараны қорытындылай келе, Жазира Жылқышиева барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен күресте оң нәтижелерге шоғырландырылған күш-жігер жұмсау арқылы ғана жетуге болатындығын айтты.