24 мамыр күні QazExpoCongress ұлттық компаниясының волейбол командасы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер арасында өткен жыл сайынғы волейбол турниріне қатысты.
Биылғы турнирге 15-тен астам команда қатысты. Біздің құрама турнирдің барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, финалға жолдама алды.
Финалда EXPO командасына «ҰАТ» АҚ құрамасы қарсы тұрды. Тартысты кездесуде EXPO командасы жеңіске жетті.