Бүгін EXPO іскерлік кешенінің аумағында Қазақстан Республикасының Президенті бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясы аясында 458 түп ағаш отырғызылды, оның ішінде 125 қылқан жапырақты және 333 жайпақ жапырақты ағаш түрлері.
Іс-шараға Үкімет Аппаратының, Есіл ауданы әкімдігінің және «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қызметкерлері қатысты.
Сенбілік аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, аумақты көгалдандыруға және тазалауға бағытталған. Сондай-ақ ауданы 25 га аумақта кешен объектілеріне іргелес учаскелер жиналды.
Айта кетейік, акция «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілуде.
Басты мақсат – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту.
«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы экологиялық бастамаларды қолдап, EXPO аумағын абаттандыруға ерекше назар аударады.