Ағымдағы жылдың 22 қаңтары мен 10 сәуірі аралығында Дубай қаласында ЭКСПО-2020 Дубай дүниежүзілік көрмесінің сынақ түрдегі іске қосылуы басталды. «Terra» тұрақты даму павильоны келіушілер үшін ең алғаш ашылған павильон болып табылады.
«Terra» павильоны қонақтарды ғаламшарымызды зерттеп, табиғат ғажайыптарының ортасына интерактивті саяхат жасауға шақырады.
Әлемге әйгілі Grimshaw Architects сәулетшілері жасаған павильон ғимараттардың тұрақты жобалау үлгісі болып табылады. Энергияны да, суды да тұтыну тұрғысынан нөлдік тепе-теңдік мақсатымен салынған оның 130 метрлік шатырдың төбесінде және «Энергия ағаштарының» ұшар басында 1055 фотоэлектрлік панельдер орналастырылған. Сондай-ақ павильонда су тұтынуды қысқартудың, су рециркуляциясының және баламалы энергия көздерінің озық стратегиялары пайдаланылады.
Дубай қаласында орналасқан «Terra» тұрақты даму павильоны келушілер үшін сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00 – ден 21:00-ге дейін, жұма және сенбі күндері 16:00-ден 22:00-ге дейін, 2021 жылдың 22 қаңтарынан 10 сәуіріне дейін ашық.
Айта кетерлігі, ЭКСПО-2020 Дубай дүниежүзілік көрмесінің ашылу күні COVID-19 вирусының пандемиясына байланысты 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңге ауыстырылған болатын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде, БАӘ, АҚШ, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы Корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан және Беларусь Республикасының ұлттық павильонындарына тікелей жақын жерде орналасқан.