2023 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңорынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариназаматтармен, қоғам және бизнес өкілдерімен кездесулер, сондай-ақазаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.
Негізгі іс-шаралар 2023 жылғы 17 ақпанда Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 59, мекенжайы бойынша Шемонаиха ауданы әкіміаппаратының ғимаратында өтеді.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен (кәсіпкерлер, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтықсектор өкілдері) кездесу сағат 12:00-12:40-та;
брифинг – сағат 12:40-12:50-де;
азаматтарды жеке қабылдау – сағат 12:50-13:15-те өтеді.
Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қажібере аласыз: +7 701 786 39 19 (ҚР СИМ).
Азаматтардың қабылдауға және кездесуге жазылуы үшін мынателефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 705 150 58 73 (Шемонаиха ауданыәкімі аппаратының бас маманы – Құсманова Динара Карловна).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Аккредиттеу үшін ақпаратты (атауы, аты-жөні) 16 ақпан сағат 13:00-ге дейін WhatsApp-қа жібере аласыздар: + 7 776 402 30 91 (Алмагүл Асылғазина –ШҚО әкімдігінің өкілі) немесе +7 707 723 05 09 (Әлия Абдрахманова – ҚР СИМ баспасөз хатшысы)
Анықтама: Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларыныңнәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыретішеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақжүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдауқорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарындақаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Премьер-Министрдіңорынбасарына сұрақ қоюға шақырамыз.