26-27 қарашада EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында UNITED PROPERTY EXPO 2022 шетелдік жылжымайтын мүлік көрмесі өтеді. Іс-шараға қатысушыларға 15 елдің сенімді құрылыс компанияларының 10 мың жылжымайтын мүлігі ұсынылады. Көрме қонақтары ипотека, салық, ТТЖ бойынша сарапшылардан кеңес алады, сондай-ақ шет елдер мен Қазақстанның ең өтімді жобаларына инвестиция сала алады.
Іс-шараға Түркия, Греция, Кипр, БАӘ, Португалия, Испания, Солтүстік Кипр, Черногория, Таиланд, АҚШ, Қазақстан және басқа елдердің жылжымайтын мүлік нарығының ірі өкілдері қатысады. Келушілер жаңа тұрғын үй сатып ала алады, қызықты инвестициялық жобаға қаржы сала алады немесе бизнеске арналған орынжайдың иесі бола алады. Көрменің барлық қонақтарын жылжымайтын мүлікті сатып алудың ерекше шарттары күтеді: агенттіктерден қосымша опциялар және құжаттарды рәсімдеуге көмек, сондай-ақ құрылыс салушылардан жеке ұсыныстар болады.
UNITED PROPERTY EXPO аясында әлемнің үздік спикерлерімен мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарланған. Келушілер жылжымайтын мүлік нарығының жай-күйі туралы өзекті ақпараттарға қанығып, алдағы бірнеше жылға оның дамуы туралы болжамдар ала алады.
Іс-шараға билетті көрме сайтында тіркелгеннен кейін тегін алуға болады.