25 шілдеде сағат 19:30-да EXPO жазғы сахнасында елорда тұрғындары мен қонақтарын біріктіретін мәдени-музыкалық жоба – Expo Music Fest фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді. Жоба аясында алты апта бойы, жаз соңына дейін әр сенбі сайын EXPO аумағында жетекші шығармашылық ұжымдар мен танымал қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен тегін концерттер, музыкалық фестивальдер және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.
Фестивальдің ашылуы көрермендерді Қазақстанның ұлттық музыкалық өнері мен мәдени мұрасымен таныстыруға арналған ауқымды этно-музыка фестивалімен басталады.
Концерттік бағдарламаға «Қорқыт», «Гәкку», «Шабыт» этно-ансамбльдері, «SARYN» және «1465» этно-фольклорлық ансамбльдері, «Шұғыла» би театры, сондай-ақ жеке орындаушылар Жақсыкелді Маясаров, Айым Имаш және Маржан Исаева қатысады.
Expo Music Fest жобасы елорданың мәдени өмірін дамытуға, отандық музыкалық өнерді насихаттауға және тұрғындар мен қала қонақтары үшін отбасылық демалыс пен бос уақытты өткізуге арналған қолжетімді мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған.
Астана тұрғындары мен қонақтарын жарқын музыкалық жаздың бір бөлігі болып, Expo Music Fest фестивалімен бірге жазғы концерттер маусымын ашуға шақырамыз.
Өтетін күні: 2026 жылғы 25 шілде
Басталу уақыты: 19:30
Өтетін орны: EXPO жазғы сахнасы
Кіру тегін.
EXPO іскерлік кешенінде өтетін іс-шаралар туралы толық әрі өзекті ақпарат «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.