5-6 сәуірде EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Modern Office Expo заманауи кеңсе халықаралық көрмесі өтеді.
Modern Office Expo – бұл өнімді және тиімді жұмыс ортасын құруға арналған заманауи кеңсе шешімдері туралы көрме.
Қазақстандық және халықаралық өндірушілер мен жеткізушілер кеңсе орын-жайларын жобалау және салу, сәулет және дизайн, жабдықтар және жиһаздармен жарақтандыру, жұмыс кеңістігін ұйымдастыру саласындағы шешімдердің кең спектрін көрсетеді.
Көрмеге келушілер – бизнес орталықтары, кеңсе жалдаушылары мен иелері, дизайнерлер мен жобалаушылар, конференц-алаңдары, коворкинг орталықтары, HR мамандары, сатып алу жөніндегі менеджерлер.
Көрменің экспозициясы келесі санаттарда ұсынылады:
● Кеңсе кеңістігін жоспарлау және салу;
● Жиһаз және интерьер;
● Жарықтандыру, дыбысты оқшаулау және климат;
● Автоматтандыру және инженерлік жүйелер;
● Кеңсе жабдықтары мен технологиялар;
● Эргономика және жұмыс кеңістігін басқару.
Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі және өнімді жұмыс кеңістігін құру саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ іскерлік іс-шаралар бағдарламасына қатысушылардың интерактивті презентациялары, оқыту және шеберлік кластарының аймақтары, мамандандырылған нетворкинг аймақтары кіреді.
Көрмеге қатысуға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://digital-aex.com/registration/reg_mo23/with_promo_code?code=EXPOMO.
Көрмеге қатысу мәселелері бойынша көрменің менеджері Анель Зекеноваға хабарласуыңызды сұраймыз.
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі нөмірі 213)
M: +7 777 976 38 47
E: azt@astana-expo.com
www.moexpo.kz