2021 жылғы 27-29 қазан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Денсаулық сақтау бойынша Astana Zdorovie 2021 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді.
Astana Zdorovie – бұл республиканың солтүстік және орталық өңірлерінде медициналық, зертханалық жабдықтарды, шығыс материалдарын, дәрілік препараттарды, медициналық мақсаттағы тауарлар мен медициналық қызметтерді көрсетудің тиімді алаңы.
Биыл Astana Zdorovie 2021 көрмесінің қатысушыларын мазмұнды іскерлік бағдарлама, кездесулер мен келіссөздер күтіп тұр. COVID-19 пандемиясы және басқа да қауіп-қатерлер жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын талқылау басты назарда болмақ. Пікірталастарға, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, емдеу мекемелерінің басшылары, тәжірибелі дәрігерлер, ғалымдар мен технологтар қатысады.
Көрме аясында EXPO ХКО алаңында MedTech халықаралық форумы, «Коронавирус инфекциясын зертханалық диагностикалау» конференциясы, «Коронавирус инфекциясы пандемиясының сабақтары» семинары өтеді.
Бұған қоса, 28-қазанда EXPO ХКО ғимаратында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС ұйымдастырған GLOBAL PHARM I Халықаралық фармацевтикалық форумы өтеді.
Astana Zdorovie 2021 көрмесі Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, жақын және алыс шетелдерден де кең кәсіби аудиторияны қатысуға тартуға мүмкіндік береді, бұл пандемия кезеңінде медицина саласының инновациялары мен мүмкіндіктерін қолдану бойынша тәжірибе мен практикалық кейстермен тиімді алмасуға ықпал ететін болады.
Astana Zdorovie 2021 көрмесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігінің, «Қазақстанның ФармМед индустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының қолдауымен өтеді.
https://astanazdorovie.kz/kz/mediaortalyk/bak-akkreditatsiyasy сайтында, сонымен қатар +7 (727) 2583434 (ішкі нөмірі 333) телефоны арқылы немесе pr@iteca.kz электронды поштасы арқылы аккредитациядан өтуге болады.