17-19 сәуір аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектердің, автокомпоненттердің, жабдықтар мен тауарлардың Орталық Азия мен Қазақстандағы ірі халықаралық Automechanika Astana көрмесі өтеді.
Automechanika Astana 2024 көрмесі Messe Frankfurt-тың қолдауымен ұйымдастырылады. Оған 20 елден 450-ден астам экспонент қатысып, үш ұлттық павильон ұсынады. Көрмеге қатысушылар арасында Эйкос (Қазақстан), Continental және Bridge Stone брендтерін ұсынатын Шин-Лайн компаниясы (Қазақстан), Ferdinand Bilstein (Литва), Kulan Oil (Қазақстан), Hartmann Kazakhstan, TISS PARTS (Қазақстан), SILLAN (Қазақстан), Casertano Ricambi SRL (Италия), L U K INTERNATIONAL (БАӘ), Speed Lubricants (Үндістан), WIEBERR (Түркия), BOTNY CHEMICAL (Польша), TMY Eurasia (Жапония), Amar Petro Chemicals (Үндістан), WEPP GmbH (Германия), Samer Al Gaddah (БАӘ), Schmaco Auto Parts Іndustries (Малайзия), BLP EV Systems (Дания) және басқа да компаниялар бар.
Automechanika Astana көрмесімен қатар Кomtrans Astana / Futuroad Expo Astana коммерциялық көлік және жол-құрылыс техникасының көрмесі өтеді. Биыл жобаға Hyundai Com Trans техникасымен Astana Motors компаниясы, JAC Trucks-тың соңғы әзірлемелерін Allur компаниясы, Isuzu, Man, Komatsu, Volvo техникасына арналған қосалқы бөлшектерді ұсынатын CBC компаниялар тобы, Ford Trucks ауыр коммерциялық автомобильдер брендімен Turbo Trucks Kazakhstan, IVECO, Truck Motors, Truck Starter, Қазақстан МАЗ орталығы брендімен STAHLBAU және басқа компаниялар қатысады.
Сонымен қатар іс-шарада ауқымды іскерлік бағдарлама өткізу жоспарланған. Іскерлік бағдарлама шеңберінде Қазақстанның автокөлік одағының (ҚАО) «Қазақстандағы автоөндірісті оқшаулау» және «Қазақстандағы автокөлік құралдарының сәйкестігін бағалау» дөңгелек үстелдері өтеді.
«РАСТО» қауымдастығын ұйымдастыру жанындағы пленарлық пікірталаста көлік индустриясына кадрлар даярлаудың негізгі мәселелері, оқу орындарымен және брендтермен өзара іс-қимылдың табысты тәжірибесінің кейстері талқыланады.
Ал Automechanika Frankfurt баспасөз конференциясында Messe Frankfurt жаһандық серіктесінің өкілдері әлемдегі ең ірі Messe Frankfurt Exhibition көрме компаниясының жаңа жобалары мен бастамаларын жариялайды.
Сондай-ақ көрмеге қатысушылар автокөлік трендтеріне, энергетикалық шешімдерге, автохимияны пайдалануға және заманауи аккумуляторлардағы инновацияларға және т.б. қатысты тақырыптардың кең ауқымын ұсынады.
AMAAR маркетингтік агенттігінің сараптамалық сессиясында Қазақстандағы автокөлік базарында Қытай брендтерінің ұсыныстары, 2023 жылғы автокөлік нарығының жылдық көрсеткіштері және AutoReport жобасының жылдық таныстырылымы туралы өзекті баяндамалар ұсынылады.
Сіздерді ресми сайтта онлайн-тіркеуден өтіп, көрмеге тегін келуге шақырамыз https://automechanika.kz.