18-19 қарашада сағат 11:00-ден бастап EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Қазавтожол-Kaztraffic 2021 XVII халықаралық көрмесі өтеді.
Елорданың ең ірі көрме орталығының ғимаратында жол және аэродром жабындарын салудың, жөндеудің, күтіп ұстаудың қазіргі заманғы технологияларын өндіруді және енгізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ техниканың, геосинтетикалық материалдардың, сапаны бақылау аспаптарының, тосқауыл қоршауларының, бетон зауыттарының, асфальтбетон зауыттарының, автобетон араластырғыштардың, эмульсиялық қондырғылардың, битумды түрлендіру қондырғыларының, көлденең таңбалауға арналған материалдар мен техниканың кең ауқымын жеткізуді жүзеге асыратын озық компаниялар көрмесінің экспозициясы ұсынылады.
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары өздерінің жол құрылысы, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы үздік үлгілерін ұсынады. Bosphorus Expo көрмесінің серіктесі ұйымдастырған Түркия экспозициясы жеке ұсынылады.
Бұған қоса, іс-шара аясында іскерлік бағдарлама, атап айтқанда: «Ғылым және инновациялар. Автомобиль жолдарын салу және пайдалану сапасын арттыру» конференциясы және «КРЕДО ВІМ технологиялары» шеберлік сабағы өтеді.
Айта кетерлігі, көрмені өткізу барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қатысушылар үшін Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Көрмеге келу және қатысу үшін http://vs-expocom.com/index.php?option=com_content&view=article&id=65&Itemid=219&lang=ru сайтында онлайн тіркеуден өту қажет.