19-20 қазанда Конгресс орталығында Kazakhstan Security Systems қауіпсіздік жөніндегі VIII халықаралық көрме-конференциясы өтеді.
Kazakhstan Security Systems – бұл қауіпсіздік саласындағы заманауи әзірлемелер мен технологияларды ұсынатын және қауіпсіздік құралдары мамандары мен тұтынушыларының, бизнес-қоғамдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің кең аудиториясын біріктіретін Қазақстан мен Орталық Азиядағы негізгі іскерлік платформа.
Дәстүр бойынша көрмеге келушілер нарықтағы ахуал, саладағы үрдістер, оның дамуының перспективалық бағыттары, өткір проблемаларды шешудің жаңа тәсілдері туралы сала көшбасшыларынан, ғылыми-техникалық және сараптамалық қоғамдастықтан, мемлекеттік органдардан толық ақпарат ала алады.
Тақырыптық бөлімдер алты негізгі бөлімде берілген:
• Бейнебақылау;
• Периметрді қорғау және кіріп-шығуды бақылау;
• Киберқауіпсіздік;
• Ғимараттағы автоматтандыру жүйелері және диспетчерлеу;
• Өрт қауіпсіздігі;
• Ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау.
Іс-шараның ресми сайты www.kss-expo.kz.