5-6 сәуірде EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Business Technology Expo бизнеске арналған технологиялар мен идеялардың халықаралық көрмесі өтеді.
Ең маңызды тақырыптарға назар аударып және барлық мүдделі тараптарды талқылауға тартып, Business Technology Expo инновациялар, бірегей салалық кейстер мен озық тәсілдер туралы пайдалы контент жасауды өз міндеті етіп алға қояды.
Қазақстандық және халықаралық компаниялар ауқымы мен саласына қарамастан бизнеске арналған технологиялық шешімдерді көрсетуде: маркетингтік инновациялар, IT құралдары, процесті автоматтандыру, сандық платформалар және т.б.
Іс-шара тиімділікті арттыруға, бизнестің мүмкіндіктері мен табыстылығын кеңейтуге ықпал ететін жаңа идеялар мен инновацияларды іздейтін кәсіпкерлерге, басқарушыларға және мамандарға бағытталған.
Көрменің экспозициясы келесі санаттарда ұсынылады:
● Маркетинг және сату;
● Бұлтты шешімдер;
● Жобаны басқару;
● HR технологиялары;
● IT инфрақұрылымы.
Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас және бизнес-технологиялар нарығының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді. Іскерлік бағдарламаның маңызды оқиғасы бес негізгі ағымды ұсынатын BTConference тәжірибелік конференциясы. Олар HR, маркетинг, сатылымдар, қаржы технологиясы және IT-ды қамтиды. Пікірталастың басты назарында – сарапшылардың, технологияларды берушілер мен нарық көшбасшыларының шынайы кейстері мен практикалық кеңестері.
Іскерлік іс-шаралар бағдарламасына қатысушылардың интерактивті таныстырылымдары, оқыту және менторлық аймақтары, мамандандырылған нетворкинг аймақтары да кіреді.
Көрмеге қатысуға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://digital-aex.com/registration/reg_bt2023/with_promo_code?code=EXPOBT.
Көрмеге қатысу мәселелері бойынша көрменің менеджері Ерғанат Жүсіповке хабарласуыңызды сұраймыз.
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі нөмірі 202)
M: +7 778 563 83 95
E: zy@astana-expo.com
www.btexpo.kz