16-18 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында (Мәңгілік ел даңғылы, 53/1) «Kids EXPO. Балалар әлемі» балалар және мектеп тауарлары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы. Жәрмеңке сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді, кіру тегін.
Жәрмеңке қонақтары кеңсе тауарлары, кітаптар мен оқулықтар, мектеп формасы, киім, ойыншықтар, хобби керек-жарақтары, гаджеттер, спорттық жабдықтар, жиһаз, балалар тауарлары, сәбилер мен аналарға арналған тауарлар, дәрумендер және тағы сол сияқты мектепке дайындалу үшін қажет нәрсенің бәрін таба алады.
Саудадан басқа, келушілер үшін үлкен ойын-сауық бағдарламасы дайындалды: шахмат бойынша шеберлік кластары, балалардың шығармашылық студияларының қойылымдары, кішкентай сәнқойлар өздерінің киім үлгілерін паш ете алатын сән көрсетілімдері. Аниматорлар балаларға қуаныш пен күлкіге толы көңілді атмосфера құрады.
Баса назар оқушыларға аударылады. Оларға арнап мектепке дайындалу үшін білім беру курстары ұйымдастырылады, сондай-ақ болашақ бірінші сынып оқушылары үшін білім мен оқу дағдыларын кешенді диагностикалау жоспарланған. Бұл іс-шаралар балалардың мектеп өміріне сәтті және жайлы бейімделуін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Сонымен қатар, сізді жәрмеңке күндері қатысушылардан арнайы акциялар мен жеңілдіктер күтеді.
Тағы бір жақсы жаңалық. Іс-шара барысында келушілер арасында спорттық велосипед, кеңсе тауарларының толық жиынтығы бар мектеп рюкзактары, тегін балмұздаққа 500 купон және тағы 30 мектеп рюкзактары сияқты сыйлықтар тігілген ұтыс ойыны өтеді. Ұтыс ойынының ұйымдастырушысы – «Punto gelato» ЖШС. Сондықтан отбасыңызбен уақыт өткізу, көп нәрсені үйреніп білу және сыйлықтардың бірін ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
«Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі жыл сайын өткізіледі және тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін, жәрмеңкеге келушілерге мектепке керек нәрселерді бір жерден арзан бағамен сатып алу мүмкіндігін ұсыну, сондай-ақ уақытты көңілді әрі пайдалы өткізу үшін тамаша алаң болып қала береді.
Іс-шараға кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру және ойын-сауық индустриясында істейтін жетпіске жуық кәсіпкер қатысады.
Елорданың тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге келуге және әрі қызықты әрі пайдалы бағдарламадан рақат алыңыз.