4-6 қарашада EXPO халықаралық көрме орталығында «Ару Астана 2022» зергерлік көрмесі өтеді. Көрмеде Ресей өңірлерінің (Якутия, Урал, Солтүстік Кавказ, Кострома облысы және т.б.), ЕАЭО елдерінің (Армения, Беларусь, Өзбекстан) зергерлік компаниялары, сондай-ақ «Жемчужина» (Қарағанды қ.), «Золотое руно» (Қарағанды қ.), «Кристалл-L» (Алматы қ.), «Декор Қазақстан» (Алматы қ.), «Venezia» (Алматы қ.), «Deimantas» (Астана қ.) сияқты заманауи және ұлттық стильде зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын жергілікті өндірушілер өз бұйымдарын ұсынады.
Сонымен қатар көрмеде «Platinor» сағаттық бренді – Ресей нарығындағы сағаттардың жетекші өндірушісі ұсынылады.
Көрме форматы көтерме сатып алушыларға – Қазақстанның зергерлік дүкендерінің басшыларына Ресейден, ТМД елдерінен және алыс шет елдерден келген әріптестерімен бір алаңда кездесуге мүмкіндік береді. Әр түрлі елдердің зергерлік қоғамдастық өкілдерінің мұндай іскерлік қарым-қатынасы халықаралық және ішкі нарықтарда болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға, саланың даму тенденцияларын зерттеуге, саладағы өзгерістер туралы сарапшылардың пікірімен танысуға және бизнес-жоспарларды түзетуге септігін тигізеді.
Алтыннан, күмістен, қымбат және жартылай асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың, әшекейлердің, ас үй құралдары мен ыдыс-аяқтардың, жоғары көркем интерьер бұйымдарының және т.б. арасынан әрбір келуші өз қалауы бойынша және әртүрлі баға диапазонында өзіне қажетті нәрселерді таба алады.
БАҚ аккредитациясы тіркеу тұғырында жүзеге асырылады.
Жұмыс уақыты: 4-5 қараша, сағат 10:30 бастап 19:00 дейін.
6 қараша сағат 10:30-дан 17:00-ге дейін.
Мекенжайы: Астана қ., ЕХРО ХКО, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1.