Баспасөз хабарламасы
EXPO ХКО-да «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі басталды
Астана қ. 2025 жылғы 11 ақпан
Астанада EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Фестиваль 15 ақпанға дейін жалғасады.
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі – Жұмысшы мамандықтарының жылын ресми түрде ашатын алғашқы іс-шара. Фестивальдің бірегей форматы қонақтарға әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерімен танысуға және интерактивті алаңдар мен мамандандырылған жабдықтардың көмегімен экономиканың түрлі саласында өздерін сынап көруге мүмкіндік береді.
Қала аумағында тау-кен ісі және металлургия, машина жасау және көлік, энергетиктер мен мұнайшылар, ауылшаруашлығы, су шаруашылығы мамандары, құрылысшылар, болашақ мамандықтарына, сондай-ақ құтқарушылар, өрт сөндірушілер, медицина және т.б. мамандықтарға арналған сегіз тақырыптық көше бар. Сонымен қатар фестиваль аумағында кәсіби дамудың түрлі салалары мен бағыттарын көрсететін 40 креативті үй ұсынылған.
Күн сайын мұнда түрлі семинарлар мен шеберлік кластары, инновациялық сессиялар, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі – сұранысқа ие мамандықтардың экспозициясы!
______________________________________________________
Гүлжан Нөпірова,
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы,
тел.: +7 775 538 88 84,
эл. мекенжайы: g.sergibayeva@qazexpocongress.kz
сайт: https://qazexpocongress.kz/ru/
Facebook: https://www.facebook.com/qazexpocongress/?locale=ru_RU
Instagram: https://www.instagram.com/_qazexpocongress_/
Telegram-канал: https://t.me/qazexpocongress
Twitter: https://x.com/i/flow/login?redirect_after_login=%2Fqazexpocongress