«EXPO-2017» мұрасы

NUR ALEM

Болашақ энергиясы мұражайы
Жұмыс тәртібі
Сейсенбі - Жұма
10:00-ден 20:00-ге дейін
Сенбі-Жексенбі
10:00-ден 21:00-ге дейін
Дүйсенбі –
Техникалық күн
Мекенжайы
010000, Астана қ.,,
Мәңгілік Ел даңғ., 55/13
+7 775 509 1376
NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы
1-деңгей: Қазақстанмен танысу аймағы
Бұл аймақта Қазақстанның алуан түрлі және кең ландшафттары, мәдениеті, тарихы, бүгіні мен болашағы көрсетілген, сонымен қатар «Жасампаз қуат» аймағында энергетика саласындағы отандық ғалымдардың жетекші жобаларын, сондай-ақ қазақстандық материалтанымдық «Токамак» термоядролық реакторының моделін көруге болады.
01
2-деңгей: Су энергиясы
Су энергиясын таныстыру судың көмегімен энергияның пайда болу процесін көрсететін бөгеттің инсталяциясынан басталады.
01
3-деңгей: Кинетикалық энергия
Көрме келушілерді кинетикалық энергиямен байланысты тарихи артефактілермен таныстыратын динамикалық суреттері бар архив материалдарынан басталады.
01
4-деңгей: Биомасса энергиясы
4-деңгей күн энергиясының «қоймасы» болып табылатын биомассаның – дәнді дақылдардың түрлерін қамтитын жасыл панорамасы бар алаң түрінде ұсынылған.
01
5-деңгей: Жел энергиясы
Жел энергиясын көрсету келушілер желдің әртүрлі жылдамдығын сезіне алатын «Жел аллеясы» экспозициясынан басталады.
01
6-деңгей: Күн энергиясы
6-деңгей келушілерді күн қуатын пайдаланудың әртүрлі тәсілдерімен таныстырады: ежелгі өркениеттер кезеңінде қолданған технологиялардан бастап қазіргі заманғы озық технологияларға дейін.
01
7-деңгей: Ғарыш энергиясы
Ғарыш энергиясымен таныстыру ғарыштан қуат өндіру бойынша болашақты болжайтын жоспарлары мен идеялары бар ғылыми зерттеулерді көрсетуден басталады.
01
8-деңгей: Болашақ Астана
Келушілердің саяхаты 8-ші деңгейден басталады, онда олар 8 лифтпен көтеріле алады. Жоғары деңгейге жетіп, келуші Қазақстанның астанасы – болашақ 2050-жылғы Астана қаласының экспозициясымен танысады. Мүсіндік модель қаланың тұрақты дамуы мен экологиялық тиімділігі ескерілген болашаққа деген көзқарасын сипаттайды.
01
Лекторий в Nur Alem
NUR ALEM дәрісханасы

Зал сыйымдылығы 75 орын

Подробнее