«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы №11 қаулысына сәйкес құрылды.
Компанияны құрудың негізгі мақсаттары:
Қазіргі уақытта бірінші мақсат – ЭКСПО-2017-ге дайындық пен өткізу кезеңі жүзеге асырылды, көрме табысты өтті. Осылайша бұдан әрі қарайғы мақсат – ЭКСПО-2017 мұрасының инфрақұрылымын, ал қазіргі уақытта Астана қаласының, Қазақстанның және жалпы әлемдік экономиканың мүддесі үшін EXPO іскерлік орталығын тұрақты дамыту.
EXPO іскерлік орталығы – бұл елорданың заманауи іскерлік кластері. Қаланың ірі сауда орталықтары мен қонақ үйлерінің тиімді, жақын жерде орналасуы, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына және «Нұрлы жол» теміржол вокзалына тікелей жақындығы және басқа да артықшылықтары жағынан бизнесті жүргізу үшін ең тартымды орын.
EXPO іскерлік орталығы өзара ынтымақтастық үшін ашық. Оның базасында конгрестік-көрме және сауда-көрме іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуге арналған А класты заманауи бизнес-орталығы, Конгресс-орталық және «ЕХРО» халықаралық көрме орталығы орналасқан.
Бұдан басқа, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ – 2021 жылы Дубай қаласындағы ЭКСПО дүниежүзілік көрмесіне Қазақстанның қатысуы бойынша бас оператор.
NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы – EXPO іскерлік орталығының тартылыс нүктесі және символы болып табылады.
Қазақстанда қаржы, білім беру, конгрестік-көрме, инновациялық қызмет саласындағы озық практиканы ілгерілететін және сауда инфрақұрылымын дамытатын қазіргі заманғы іскерлік кеңістік құру.
Қызметтің негізгі стратегиялық бағыттары: