Омбудсмен институты
Іскерлік этика қағидаттарын сақтау және әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеу мақсатында Қоғамда Омбудсмен институты енгізілді.
Омбудсменнің міндетіне мыналар кіреді:
1) Қоғам қызметкерлеріне, еңбек дауларына, жанжал қатысушыларға консультация беру және Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуын (оның ішінде құпиялылықтың сақталуын) ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешім әзірлеуге жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердің, сондай-ақ Қоғамның проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге жәрдем көрсету;
3) Қоғам қызметкерлерінің, лауазымды адамдарының Іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда Қоғамның Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін түсіндіру.
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ кез келген жұмыскері, лауазымды және басқа да мүдделі тұлғалары Омбудсменге +7 (7172) 91-71-51 телефоны, сондай-ақ ombudsman@qazexpocongress.kz электрондық мекенжайы бойынша немесе Қазақстан Ресубликасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/2-ғимарат пошталық мекенжайына хабарласуға құқылы.
Компанияның омбудсмені – Жақұтова Әлия Елшібайқызы, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Корпоративтік хатшысы.