«QazExpoCongress» ҰК АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру үшін конкурстық іріктеу туралы».
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру тәртібі туралы 8-бабына сәйкес, «QazExpoCongress» ҰК АҚ Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру үшін конкурстық іріктеуді жариялайды.
Конкурсты өткізу мерзімі: 10 жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 күнтізбелік күн.
Жұмыс тобының құрамы 3 адамнан тұрады: «QazExpoCongress» ҰК АҚ ұйымдастыру-кадрлық жұмыс департаментінің директоры, азаматтық қоғамнан 2 өкіл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе m.bulegenova@expo2017astana.com электрондық адресіне жібереді:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
«QazExpoCongress» ҰК АҚ заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 53/2 (Байланыс телефондары: +7 7172 917 198, 87052980022),
Конкурстық іріктеуге байқаушылар қатыса алады, 2-қосымшаға сәйкес байқаушыларға арналған өтініш.
Ескертпе: Қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін жұмыс тобын құру жөніндегі азаматтық қоғам өкілдерінің бүкіл жұмысы өтеусіз негізде жүргізіледі.