25-27 мамыр аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында Powerexpo Astana 2022 «Энергетика және энергетикалық машина жасау» 9-шы қазақстандық халықаралық көрмесі, KIOSH 2022 еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 10-шы қазақстандық халықаралық конференция және көрме, сондай-ақ ASTANABUILD 2022 22-ші халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді.
Энергетика, құрылыс және басқа да сала мамандары еліміздегі ең ірі көрме алаңдарының бірінде отандық және халықаралық қызметтер мен өнім өндірушілерімен, салалық одақтар мен қауымдастықтардың өкілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың жетекшілік ететін бөлімшелерімен кездеседі.
Іс-шаралар дәстүрлі түрде соңғы материалдарды, қызметтерді және жабдықтарды көрсетудің тиімді алаңы ретінде қызмет етеді, ал көрмелердің іскерлік бағдарламасының мазмұны одан әрі даму векторларын анықтауға және 2023 жылғы соңғы трендтер бойынша өнімді диалогқа қызмет етеді.
Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Италия, Германиядан 70-ке жуық компания қатысады.
Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастыққа ауқымды іскерлік бағдарлама ұсынылады, оның негізгі бөлімдері өткізілетін көрмелер саласындағы өзекті мәселелерге арналған. ASTANABUILD 2022 көрмесі аясында «Қазақстандағы BIM технологияларының дамуы. Мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара барысында өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды, құрылыстарды және олардың инженерлік жүйелерін жобалауда цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ оларды нақты объектілер мысалында сәтті қолдану мәселелері талқыланады. Спикерлердің қатарында «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «DIPCO» ЖШС, «KAZGOR» ЖА» ЖШС және IT шешімдер мен цифрлық трансформация интеграторы «AYACOM» ЖШС өкілдері сөз сөйлейді.
Бұдан бөлек, бұл күндері KIOSH 2022 «Жаңа Қазақстанның күн тәртібі шеңберіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениеті» жаһандық конференциясы өтеді, оның барысында еңбек нарығын дамытудың өзекті мәселелері мен 2023 жылғы трендтерге қатысты панельдік сессиялар мен пікірталастар өтеді.
Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Көрмелер туралы толығырақ ақпаратты ресми сайттардан: www.kiosh.kz, www.astanabuild.kz, www.powerexpoastana.kz білуге болады.