25-27 мамыр аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында InterFood Astana тамақ өнеркәсібі бойынша 22-ші қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Көрме өз жұмысын бастағалы азық-түлік өнімдерін, сусындарды, ингредиенттерді, тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтарды және қаптаманы таныстыру үшін ғана емес, ең алдымен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының салалық өзара іс-қимылы, сату географиясын кеңейтуге және сенімді серіктестер табуға тырысатындар үшін кәсіби алаң.
Көрмеге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Италия, Испания, Сауд Арабиясынан 60-тан астам компания қатысады. Көрмеге қатысу қазақстандық нарыққа шығуға, сату көлемін арттыруға және өнімді жеткізу географиясын кеңейтуге нақты мүмкіндіктер ашады. Бұған отандық және халықаралық көрмеге қатысушыларының тұрақты қызығушылығы дәлел.
Отандық өндірушілер мен жеткізушілердің 30%-ға жуығы өз өнімдерінің стендтерін көрсетеді. Қатысушылар қатарында RC2 компаниясы – дәстүрлі ұлттық ет деликатестері, Veles Distribution – зәйтүн майы, қойма жайлары, дистрибуция қызметтері, Фаворит Техно – нан пісіру және кондитерлік жабдық, Nur Kazgazy және Интер Мульти Сервис – гофроқаптаудың жетекші өндірушілері жән тағы басқалары.
Сонымен қатар ресейлік, беларусьтік, итальялық және басқа да елдердің компаниялары өз өндірісінің жаңа өнімдерін таныстырады.
Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында келушілер үшін дөңгелек үстелдер, презентациялар мен шеберлік-кластарын өткізу жоспарлануда. Көрме алаңында Ритейл орталығы – cash&carry компанияларының, сауда және дистрибьюторлық желілердің өкілдері үшін B2B алаңы ұйымдастырылады.
Айта кетейік, InterFood Astana 2022 көрмесі аясында «Сапа дәстүрлері» атты азық-түлік пен сусындардың кәсіби дегустация байқауы өтеді. Өткен жылы байқауға 22 компаниядан 120 өнім үлгісі ұсынылған. Өнім үлгілері ең жоғары рейтингке ие болған компаниялар құрмет грамотасымен және алтын медальмен марапатталады. Биыл үздіктердің үздіктерін 15 номинация бойынша құзыретті қазылар алқасы анықтайды.
InterFood Astana 2022 көрмесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қазақ тағамтану академиясының және Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығының қолдауымен өтеді.
Іс-шара туралы толығырақ ақпаратты және қатысушылардың тізімін www.interfoodastana.kz ресми сайтынан білуге болады.