Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері – «Ақ жол» партиясы елордалық филиалы төрағасының орынбасары Абзал Әбенов, «Әдемі-Ай» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің директоры Ырза Тұрсынзадақызы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ұжымымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында спикерлер жиналғандарды Қ. Тоқаевтың еңбек жолымен және сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Сөз сөйлеген олардың әрқайсысы Президент Қ. Тоқаевтың мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіндегі рөлі мен жеке үлесін атап өтті. Оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру еліміздегі саяси жаңғыртуды және экономикалық реформаларды жүргізуді дәйекті түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында қонақтар қатысушыларды белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге және 20 қарашада өздерінің сайлау учаскелеріне баруға, қоғамдағы бейбітшілік, келісім және тұрақтылық үшін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан бағыт үшін өз дауыстарын беруге шақырды.
Өз кезегінде компания Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев қонақтарға алғысын білдіріп, ұлттық компания ұжымы Президенттің әрбір қазақстандықтың игілігі мен еліміздің өркендеуіне бағытталған бастамаларын қолдайтынын атап өтті.