18 маусымда EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі басқармасының басшысы Уалихан Курамаевтың «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 20-бабын іске асыру аясында өткізілді және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіруге бағытталды. Сонымен қатар, кездесу агенттік тарапынан квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында көрсетіліп жатқан практикалық қолдаудың бір бөлігі болды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асыру, ақпарат алмасу, сондай-ақ ұлттық компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіруге қатысты негізгі сын-қатерлер мен ұсыныстар талқыланды. Ерекше назар тиімді өзара іс-қимыл жасау, комплаенс-функцияларды нығайту және компания қызметінің ашықтығын арттыру мәселелеріне аударылды.