Ауқымды экологиялық акция «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» аясында ұлттық компания «QazExpoCongress» қалалық «Таза Қазақстан: Таза Астана» айлығына белсенді түрде қатысты. Бұл шараның мақсаты – экологиялық ахуалды жақсарту және қалалық ортаны абаттандыру.
Компанияның 100-ден астам қызметкері EXPO іскерлік кешенінің нысандарына іргелес аумақтарды, соның ішінде саябақ аймағын тазалауға шықты. Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілген жалпы аумақ шамамен 2 гектарды құрады.
EXPO аумағында абаттандыру және тазалықты сақтау іс-шаралары тұрақты негізде жүзеге асырылады. Айта кетейік, «Жұмысшы кәсіптер жылы» аясында біз жақында Сіздерді өнеркәсіптік альпинистеріміздің жұмыс ерекшеліктерімен таныстырған едік.