Халықаралық әйелдер күніне орай «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы барлық әйелдер мен қыздарды Болашақ энергиясы мұражайына тегін экскурсияға шақырады. Мұражай сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мұражайдың бірінші қабатында италиялық сәулетші Марио Кучинелла мен коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің көрмелері өтіп жатқанын атап өткен жөн.
Мұражай жұма күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламыз.