Отандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» VIII көрмесі
16-18 мамыр аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» VIII көрмесі өтеді. Онда Қазақстанның барлық өңірінен келген 350 компания өз өнімдерін ұсынады.
Көрмеде тамақ, жеңіл өнеркәсіп, химия өндірісінен бастап машинажасау, жабдықтар және зергерлік бұйымдар сияқты түрлі өнімдер ұсынылады.
«Ulttyq ónim» аясында қазақстандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған сессиялар өтеді. Қатысушылар Қазақстандағы бизнес үшін өзекті трендтерді, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылайды.
Сондай-ақ көрме барысында «Халық таңдауы» атты тәуелсіз дәмсарап байқауы, қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлерге арналған киімдер топтамаларының сән көрсетілімі, кәсіпкерлер үшін шеберлік сабақтары, көрмеге қатысушылар ұсынатын сыйлықтар тігілген ұтыс ойындары және концерттік бағдарлама өтеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын «Ulttyq ónim» көрмесіне келіп, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!
Онлайн тіркелу үшін сілтеме арқылы өтіңіз: https://cabinet.ulttyqonim.kz/register.
Іс-шараның басталуы сағат 09:00-де.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.