Жазғы сахнадағы концерт
Осы сенбіде, 28 маусым күні EXPO жазғы сахнасында әнші Бейбіт Қорғанның концерті өтеді.
Концерттің басталуы сағат 19:00-де, кіру тегін
Орталық Азиядағы жетекші коммерциялық көлік пен автобус көрмесі
25-27 маусымда EXPO халықаралық көрме орталығында Komtrans+BUSexpo Astana 2025 көрмесі өтеді. Іс-шара Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі коммерциялық көлік, автобустар мен логистикалық шешімдерге арналған ірі халықаралық алаң.
Биылғы көрмеге Қазақстан, Қытай, Түркия және Өзбекстаннан 229 компания қатысады деп жоспарланып отыр. Іс-шараға Орталық Азия елдері мен жақын шет елдерден салалық мамандар мен бизнес өкілдері жоғары қызығушылық танытып отыр.
Komtrans+BUSexpo Astana – өңірдегі жетекші B2B платформа. Мұнда жаңа техникалардың үлгілері, телематикалық шешімдер, автопаркті басқару жүйелері, қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ логистика және шекарааралық тасымал саласындағы қызмет түрлері ұсынылады.
Komtrans+BUSexpo 2025 көрмесімен қатар Eurasian Construction Technology Astana 2025 халықаралық құрылыс көрмесі өтеді. Бұл көлік инфрақұрылымы, логистика және құрылыс салаларын тоғыстыратын, синергия мен іскерлік байланысты нығайтатын бірегей алаң.
Көрменің негізгі аудиториясы – автопарк операторлары, автосервис орталықтарының өкілдері, құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар, дилерлер мен коммерциялық көлік жүргізушілері.
Іс-шара аясында салалық семинарлар, панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтарынан тұратын іскерлік бағдарлама өтеді. Қазақстандық және халықаралық сарапшылар саладағы өзекті үрдістер мен заманауи шешімдерді талқылап, тәжірибе алмасады.
Көрменің басталуы сағат 10:00-де
Бұған қоса EXPO аумағында демалыс күндерін белсенді өткіземін деушілер үшін роллердром бар. Роллердромның жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 14:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі мен жексенбі аралығында сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін. Роликтерді жалға алу құны – 2000 теңге, ал өз роликтеріңізбен кіру тегін.
Сондай-ақ аумақта бірегей ойын алаңы орналасқан саябақ бар. Сонымен қатар EXPO аумағында келушілер үшін дәмханалар, мейрамханалар және жерасты тұрағы жұмыс істейді.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.