«Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жүгірісі
1 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай еліміздің 20 өңірі бірыңғай жарысқа қатысатын болады.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның барлық этностарын салауатты және ұйымшыл ұлт туралы ортақ арманмен біріктіру!
Қашықтықтар: 1 км, 5 км, 10 км, 21,1 км, 30 км.
Өтетін орны: Астана қаласы, ЕХРО
Қатысушылардың жиналуы және старт қалашығының ашылуы сағат 05:30-да.
Astana Winner 2025 және «Қазақы тазы-2025» көрмелері
3-4 мамырда EXPO халықаралық көрме орталығында Astana Winner 2025 халықаралық иттер көрмесі мен «Қазақы тазы-2025» моно тұқымды иттер көрмесі өтеді.
Іс-шаралардың басталуы сағат 09:00-де.
EXPO кешені – іскерлік және мәдени іс-шаралар аумағы.