Өткен жексенбіде EXPO ХКО-да Eurasian Book Fair 2022 ірі еуразиялық кітап көрмесі өз жұмысын аяқтады.
Көрме аясында EXPO халықаралық көрме орталығының басты алаңында 100-ден астам іс-шара: балалар, көркем, оқу және ғылыми-көпшілік әдебиеттерінің таныстырылымы, кітап туралы әңгімелесулер, шеберлік сабақтары, поэзиялық кештер, атақты жазушылармен және ақындармен автограф-сессиялар, сондай-ақ дөңгелек үстелдер өткізілді.
Көрмеге Ресей, Түркия, Қытай және Испаниядан баспа, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия салаларын ұсынатын 80-ге жуық компания қатысты.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысқанын айта кеткіміз келеді. Бүкіл жұмыс кезеңінде көрмеге 50 мыңнан астам адам келіп кетті.
Сонымен қатар, көрме аясында «Үздік оқу кітабы», «Үздік өлкетану басылымы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап», «Мәдениет және өнер», «Ғылым және инновация», «Гран-при» номинациялары бойынша үздік басылымға «Жылдың үздік кітабы» байқауы өткізілді. Конкурстың жеңімпаздары мен номинанттары «Айар» ұлттық баспа компаниясы, «Мектеп» баспасы» ЖШС, «Алматыкітап баспасы» ЖШС және басқалары болды.
Барлық жеңімпаздар мен номинанттар ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. Абаевтан арнайы диплом алды.