Конституциялық реформа мен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған референдумды түсіндіру жөнінде өткізілетін кездесулер шеңберінде 2 маусымда «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Нұрбектің, «AMANAT» партиясы «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Ч. Қожахметовтің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің адам құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі А. Бимендинаның қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында спикерлер ұжымға республикалық референдумды өткізудің мақсаты мен ұсынылып отырған конституциялық реформаның маңыздылығы туралы түсіндірді. Ол, ең алдымен, бүкіл мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге және «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшуге бағытталған.
Конституцияға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдау әрбір қазақстандыққа байланысты. Жаңа Қазақстанды қайта құруға белсенді қатысу – әрбір адамның борышы.
Кездесу қорытындысы бойынша ұлттық компания қызметкерлері елді демократияландыру және Жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, референдумға белсенді қатысуға өзінің дайындығын айқындады.