19 маусымда астанада Nur-Sultan Half Marathon бірінші жартылай марафоны өтті, ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры.
Старт Qazaqstan Live Fest көрмесі өткен EXPO халықаралық көрме орталығы аумағында басталды. Әлемнің 24 елінен келген 4000 әуесқой спортшы елорданың ең көрікті жерлерімен жүгіріп өтті. Оның ішінде NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы, Бәйтерек, Нұржол бульвары, Ботаникалық бақ және т. б.
Сөреде барлық қатысушыларды ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев қарсы алды. Тілек сөздерін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының директоры Татьяна Иванова-Разумова мен жарыс директоры Салтанат Қазыбаева айтты.
Айта кетерлік жайт, жарыс жолын Халықаралық марафондар мен жүгірістер қауымдастығы ресми түрде сертификаттады, бұл өз кезегінде іс-шараны үлкен халықаралық жарысқа айналдырды. Жартылай марафонның тікелей көрсетілімі алғаш рет QazSport телеарнасының эфирінде өтті.
Таңғы 07:40-та сөреден бірінші болып 10 шақырымға қатысушылар, скандинавиялық жүріс өкілдері мен арбамен жүгірген қатысушылар жүгірді.
08:00-де жартылай марафоншылар жарысқа кірісті. 21 км бойынша ерлер арасында Ринас Ахмадеев жеңімпаз атанды. Оның мәре уақыты – 1 сағат 2 минут 54 секунд. Бұл Nur-Sultan Half Marathon жарыс жолының 21,1 шақырымдық жаңа абсолютті рекорды. Әйелдер арасында 1 сағат 14 минут 15 секундта жүгіріп, ең жылдам болып мәреге жеткен Евгения Прокофьева болды.
Абсолюттік есепте 21 км көшбасшылар ақшалай жүлде қорын өзара бөлісті: бірінші орын үшін жеңімпаздар 450 мың теңгеден, екінші орын үшін – 400 мың теңгеден, үшінші орын үшін – 350 мың теңгеден алды. Белгілі бір жас санатындағы жеңімпаздар (10 км және 21,1 км) серіктестерден сыйлық алды.
– Бүгін жарысқа әлемнің 24 елінен 4 000 адам шықты, біз әрқайсыңызды жас астанамызда жаңа жарыс жолында қарсы алуға қуаныштымыз – деп «Бірінші болу – батылдық» КҚ директоры Салтанат Қазыбаева сөз сөйледі. – Нұр-Сұлтанда соңғы жылдары көптеген жүгіру қауымдастықтары мен клубтары, сонымен қатар жүгіруге арналған инфрақұрылым пайда болды, бұл үшін қалалықтардың спортпен айналысуға деген ынтасын қолдап отырған қала әкімдігіне ерекше алғыс айтамыз.
Мәреден кейін барлық қатысушыларды сахнада музыкалық топтардың орындауымен, сөре жеңімпаздарын марапаттаумен, сондай-ақ жартылай марафон серіктестерінің ұтыс ойындарымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды.