«QazExpoCongress» ұлттық компаниясында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда Кеңес мүшелерін ағымдағы жылы EXPO іскерлік орталығының аумағында және объектілерінде өткізілетін конгрестік-көрме және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру туралы ақпараттандырды.
Биыл ұлттық компания Van life стиліндегі EXPO Camp әмбебап кеңістігін ұйымдастырғанын, EXPO Melodies жобасы аясында жазғы сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан Оpen Air концерттері өткізілгенін атап өткіміз келеді. Сонымен қатар өз іс-шараларымыздың қатарында «Kids EXPO». Балалар әлемі» балалар тауарларының жәрмеңкесі өткізілді. Сондай-ақ желтоқсан айында «Жаңа жыл Fest» жаңажылдық жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері Конгресс орталықта 48, EXPO халықаралық көрме орталығында 27 іс-шара өткізілгені атап өтілді, ЕАК кеңесінің отырысы, ТМД экономикалық кеңесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі, AMANAT партиясының съезі, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы және т.б.
Бүгінгі таңда EXPO кешені дамыған инфрақұрылым, қолайлы жағдайлар, кәсіби кадрлар есебінен Қазақстанның MICE-туризмін дамыту үшін жетекші алаңдардың бірі болып табылатын қалыптасқан экожүйесі бар бірегей іскерлік орталыққа айналды. Қазіргі таңда EXPO іскерлік орталығының нысандары толық, келесі жылдан бастап компания өз шығынын өзі өтеп, мемлекеттік бюджеттен қаржы алмай, кешеннің инфрақұрылымын ұстауды қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңестің құрамында: «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжолова, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ директоры Ғалым Ахмедьяров, «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Захира Биғалиева, Қазақстандағы Cisco корпорациясының бизнес басшысы Владимир Соболев, «Aitas» ходингінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі басқарушы серіктесі Руслан Жемков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтұрғанов, «Sewon-Vertex Heavy Industry» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Алексей Беклемишев бар.