2022 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Жұманғарин Серік Мақашұлы азаматтармен, қоғам және бизнес өкілдерімен кездесулер, оның ішінде азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Негізгі іс-шаралар келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, «ЭКСПО» Халықаралық көрме орталығы (ХКО), 2 қабат.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері), брифинг – сағат 17.00 – 18.00-те.
Азаматтарды қабылдау сағат 18.00 – 18.45-де өтеді.
Бұл ретте, ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдауыңызды сұраймыз.
Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: 87172749894, +7 708 340 9649.
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 27 желтоқсан сағат 17.30-ға дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 707 723 0509 (Әлия Әбдірахманова).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Премьер-Министрдің орынбасарына сұрақ қоюға шақырамыз.