«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ХШЖК павильонына қызмет көрсету (бұдан әрі-Қызмет) бойынша коммерциялық ұсыныстарды сұрату туралы хабарлайды.
Қызмет көрсету шарттары туралы толық ақпарат және ғимараттың әр қабаты бойынша техникалық сипаттамалар техникалық ерекшелікте берілген.
Қол қойылған коммерциялық ұсыныстар мен техникалық ерекшеліктерді қатысушылар Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 532 ғимарат мекенжайы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ-на ұсынады немесе kense@qazexpocongress.kz электронды поштасына жолдайды.
Коммерциялық ұсыныстарды сұрату туралы хабарландыру хабарландыру жарияланған күннен бастап, 13.08.2021 жылға дейін қолданыста болады.
Қосымша ақпаратты +7(7172) 917049 телефоны бойынша, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 12.30-ға дейін және 14.30-дан 19.00-ге дейін алуға болады.