Астана экономикалық форумы – Еуразияның іскерлік саладағы басты оқиғасы.
12 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін сауықтыру және дамыту мәселелерін талқылау үшін ең ықпалды халықаралық алаңдардың бірі мәртебесіне ие болды.
АЭФ тақырыбы жыл сайын нақтыланып, жалпы әлемдік дамудың түйткілдері мен міндеттерінің кең ауқымын қамтиды, сондай-ақ талқылаулардың кең ауқымына арналған координаттарды айқындайды.
Форумның спикерлері әр уақытта саясаткерлер, ғалымдар мен экономистер, журналистер мен әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері болды.
XII Астана экономикалық форумы тақырыбының негізгі тақырыбы «ШАБЫТТАНДЫРУШЫ ӨСІМ: АДАМДАР, ҚАЛАЛАР, ЭКОНОМИКАЛАР». Форумға 5600-ге жуық қатысушы, оның ішінде әлемнің 74 елінен 180-ге жуық шетелдік делегаттар қатысты.