Астана экономикалық форумы

Еуразияның іскерлік саладағы басты оқиғасы
16-17 мамыр 2019 жыл

Астана экономикалық форумы – Еуразияның іскерлік саладағы басты оқиғасы.

12 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін сауықтыру және дамыту мәселелерін талқылау үшін ең ықпалды халықаралық алаңдардың бірі мәртебесіне ие болды.

АЭФ тақырыбы жыл сайын нақтыланып, жалпы әлемдік дамудың түйткілдері мен міндеттерінің кең ауқымын қамтиды, сондай-ақ талқылаулардың кең ауқымына арналған координаттарды айқындайды.

Форумның спикерлері әр уақытта саясаткерлер, ғалымдар мен экономистер, журналистер мен әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері болды.

XII Астана экономикалық форумы тақырыбының негізгі тақырыбы «ШАБЫТТАНДЫРУШЫ ӨСІМ: АДАМДАР, ҚАЛАЛАР, ЭКОНОМИКАЛАР». Форумға 5600-ге жуық қатысушы, оның ішінде әлемнің 74 елінен 180-ге жуық шетелдік делегаттар қатысты.

Бүгінде әлем технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, терең және жедел өзгерістер дәуіріне қадам басуда.
Форумның негізгі іс-шаралары:
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қатысуымен
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Халықаралық сарапшылардың қатысуымен
БІРІНШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФОРУМ
БҰҰ қамқорлығымен тұрақты даму мақсаттары жөніндегі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына орай
СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯЛАР
ЭЫДҰ-мен
СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ
G-Global қамқорлығымен әлемдік зияткерлік элитаның және қр үкіметінің қатысуымен
КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
Бреттон-Вудсты жаңарту Комитеті мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы қамқорлығымен
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұйымдастырған жаһандық инвестициялар бойынша
Спикерлер
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Армен Саркисян
Армения Республикасының Президенті
Мамука Бахтадзе
Грузия Премьер-Министрі
Хань Чжэн
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері
Хуан Мануель Сантос
Колумбия Президенті (2010-18), 2016 ж. әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты
Кристин Лагард
Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры
Армида Салсия Алишахбана
БҰҰ-ы Бас хатшысының орынбасары және Азия және Тынық мұхитқа экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы
Стэнли Фишер
АҚШ Федералдық резерві төрағасының орынбасары
Джеффри Сакс
Колумбия университетіндегі тұрақты даму мәселелері бойынша Орталығының директоры
Морис Обстфельд
Калифорния университетінің экономика профессоры, 2015-2018 жж. ХВҚ-ның бас экономисі
Мухаммад Юнус
2006 ж. әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты
стратегиялық серіктестер
Демеушілер