Көрме тақырыбы: «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру»
ҚАЗАН 2021 - 31 НАУРЫЗ 2022
Таяу Шығыс аймағындағы алғашқы дүниежүзілік көрме

Дүниежүзілік ЭКСПО көрмелері ауқымы, ұзақтығы және келушілер саны бойынша халықаралық іс-шаралар арасында теңдесі жоқ. Бұл үкіметтер, компаниялар, халықаралық ұйымдар мен азаматтар арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет ететін адамзат прогресін көрсететін ең ірі алаң.

Бірінші Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 1851 жылы Лондонда өтті және «Ұлы көрме» деп аталды. Бұған дейін көрмелер Қытайда (ЭКСПО-2010 Шанхай) және Италияда (ЭКСПО-2015 Милан) өткен болатын. Одан кейінгі көрмелер 2021 жылы БАӘ-де (ЭКСПО-2020 Дубай) және 2025 жылы Жапонияда (ЭКСПО-2025 Осака) өтеді.

438
га аумақ
182
күн
25
млн. келуші
192
ел
70%
шетелдік келушілер
«Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру»
Мүмкіндіктер
Адам әлеуетін дамыту, жеке өсу, инновацияларды дамыту және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Мобильдік
Физикалық ұтқырлық, ақпараттық технологияларды тарату, тауарлар мен ресурстарды бөлуге қолжеткізу.
Тұрақты даму
Экожүйенің жайлы өмір салтына, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға әсері.
Қазақстан Республикасы павильонының дизайны

Көрменің тақырыбы үш тақырыпшадан тұрады: «Мүмкіндіктер», «Мобильділік» және «Тұрақты даму».

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде, БАӘ, АҚШ, Швейцария, Аустрия, Сауд Арабиясы Корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан және Беларусь Республикасының ұлттық павильондарына тікелей жақын жерде орналасқан.

Павильон бейнесі дәстүрлі шығыс сәулетінен шабыт алған, заманауи цифрлық шешімдер мен дәстүрлердің синтезін, сондай-ақ Қазақстанның ашықтығын бейнелейді. 

ҚР Ұлттық павильоны 3 қабаттан тұрады, 2 қабатында 4 көрме аймағы бар. Павильон аумағы – 3 400 ш.м., ол орта санаттағы павильондарға жатады.

Көрменің «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру» тақырыбы аясында ҚР павильонының мазмұны Қазақстанның өткеніне, бүгініне және болашағына саяхатты білдіреді.

Іс-шаралар күнтізбесі
2021 жылғы 1 қазан
ЭКСПО-2020 Дубай көрмесінің ашылу салтанаты
2021 жылғы 1 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Ұлттық күні
2021 жылғы 16 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
2022 жылғы 22 наурыз
Наурыз мейрамы
бүкіл кезең бойы
Іс-шаралардың іскерлік бағдарламасы
бүкіл кезең бойы
Мәдени-ойын-сауық іс-шаралары
2022 жылғы 31 наурыз
ЭКСПО-2020 Дубай жабылу салтанаты