Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін ашу мақсатында ұлттык компанияның Әкімшілік-құқықтық департаментінің бастамасымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық қазынасы» суреттер байқауын ұйымдастырды.
Қатысушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы тақырыбында кез-келген техникада орындалған сурет (портрет, пейзаж, тақырыптық натюрморт, шығармаларға иллюстрация) салуы қажет еді.
Байқау балалар арасында танымал болды. Ең жас қатысушы небәрі 8 жаста болса, ең үлкені 17 жаста. Барлығы 15 шығармашылық жұмыс келіп түсті.
Көптеген балалар, атап айтқанда: Нұрмағамбетова Інжу, Жекеева Айсана, Альназарова Амира, Сабитова Айша Абай Құнанбаевтың портретін тамаша салған. Барлығында ол әр түрлі болып шықты: кейбір суреттерде байсалды, ойшыл ақсақал бейнеленсе, басқаларында – қиялдап шарқ ұрған, күлімсіреген жан.
Суреттер бойынша:
Нұрмағамбетова Інжу «Шебер»
Жекеева Айсана «Шебер»
Серикова Айша «Портрет»
Альназарова Амира «Шебер»
Уразалина Муслима «Иллюстрация»
номинациялары бойынша іріктелді.
Қатысушылар дипломдармен марапатталды.