Smart Water Zone және Smart Plastic Zone жобаларына алғаш рет қатысқан «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Cу ресурстарын ұтымды пайдалануға қосқан үлесі үшін Smart Water Zone «Алтын» белгісіне және пластикалық қалдықтарын жауапты басқарғаны үшін Smart Plastic Zone «Күміс» белгісіне ие болды.
Марапаттау рәсімі 4 қарашада Астанада «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның Қоғамдық кеңес отырысы аясында өтті.
Жобалар Green Urban Association, «GPI Group» ЖШС және басқа да серіктестердің қатысуымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен іске асырылуда.
Бастамалар бүкіл ел бойынша ондаған ұйымның біріктіреді. Қатысушылар арасында платина белгісімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС; алтын белгісімен – «Эмбамұнайгаз» АҚ, «Qarmet» АҚ, NCOC және Satbayev University; күміс белгісімен – «KEGOC» АҚ; қола белгісімен – Coventry University Kazakhstan марапатталды.
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ ресурстарды үнемдеуге, экологиялық әсерді төмендетуге және заманауи тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аудара отырып, басқарылатын объектілердегі экологиялық тәжірибелерді жетілдіруді жалғастырады.