Әрбір қазақстандық үшін маңызды осы күндері «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қызметкерлері бірігіп, балаларға көмек көрсету үшін қаражат жинады. Жиналған қаражатқа киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар және басқа да қажетті заттар сатып алынып, Астана қаласының Мамандандырылған балалар үйіне табысталды.
Іс-шара компания Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Еримбетовтың қатысуымен және қолдауымен өтті.
Мамандандырылған балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы бар төрт жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.
Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз қарсаңында әріптестеріміздің осы игі бастамасы кішкентай бүлдіршіндерге қамқорлықтың, жылулықтың және назардың бір бөлшегін сыйлады деп сенеміз.