«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» ационерлік қоғамы ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық павильонының ритейл операторын іріктеу туралы бекітілген ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес ЭКСПО-2020 Дубай Дүниежүзілік көрмедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық павильонының ритейл операторын іріктеу бойынша байқаудың (бұдан әрі – Байқау) жариялануын хабарлайды.
Байқау шарттары туралы толық ақпарат Ережеде көрсетілген.
Байқауға қатысушылар Байқауға қатысуға өтінімдерді «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/2 мекен-жайға жібереді.
Байқау туралы хабарландыру Байқау жарияланған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жарамды.
Өтінімдерді қарау және Қатысушыларды таңдау Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты +7(7172)917074 телефоны немесе a.kussainova@expo2017astana.com электрондық поштасы арқылы, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 12.30-ға дейін және 14.30-дан 19.00-ге дейін алуға болады.